I-Speak тіл орталығы

Кәсіпқойларды таңдай отырып, Сіз де кәсіпқой боласыз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз мүмкіндіктер жасай отырып, сіздермен бірге жетілеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз сіздердің жекелеген және кәсіби мақсаттарыңызды іскеасыруға көмектесеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз оқытуды қызықты әрі нәтижелі болатындай етіп өткіземіз

image01
Топтық оқыту

Ең тиімді оқыту- топпен оқу. Топтағы адам саны -6 адам. Стандарттық оқыту аптасына 3 рет жүргізіледі. Әр сабақтың ұзақтығы – 1 астрономиялық сағат. Аптасына 3 сағаттан келеді.


«I speak» тіл орталығында түрік тілінің барлық курсы 6 деңгейге бөлінген: A1, A2, B1, B2, C1, C2. Temel (A1-A2) деңгейін өту 108 акдемиялық сағатты Orta (B1-B2) және Yüksek (C1) 144 академиялық сағатты алады. Толық оқу бағдарламасын бітіру үшін жаңа бастаған студент үшін 2-3 оқу жылы керек.

Деңгейлерді сипаттау





































 Қарапайым меңгеру Қарапайым меңгеру
 A1 A2
Түсінемін және нақты тапсырмаларды орындау үшін қажетті таныс сөздерді, сөйлемдерді қолдана аламын. Таныса аламын, басқаларды таныстыра аламын, мекенжай, таныстар, мүлік туралы, сұрақтар қоя білемін және жауап бере аламын. Егер әңгімелесуші баяу және анық сөйлейтін болса, сонымен қоса көмектесуге дайын болса, қиын емес әңгімелерге қатыса аламын.  Жекелеген сөйлемдерді және өмірдің негізгі салаларына ( мысалы, өзім және өзімнің отбасы мүшелері туралы негізгі мәліметтерді, жұмысқа тұру туралы т.б) байланысты жиі кездесетін сөздерді түсінемін. Таныс емес және тұрмыстық салаға қатысты қарапайым ақпарат алмасуға байланысты тапсырмаларды орындай аламын. Қарапайым сөздермен өзім, өзімнің туыстарыммен, жақындарым туралы, күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттап әңгімелей аламын.
Өздігінен меңгеру Өздігінен меңгеру
 B1 B2
 Жұмыста, оқуда, демалыста пайда болатын әдеби тілде әр түрлі тақырыпқа жасалған нақты хабарламалардың негізгі ойын түсінемін. Оқып жатқан тілдің елінде болған кезде көптеген жағдайда қарым-қатынас жасай аламын. Мені қызықтыратын және белгілі тақырыпта хабарлама жасай аламын. Әсерімді, жағдайды, ұмтылысымды, үмітімді суреттеп айта аламын, өз пікірімді және келешекке деген жоспарымды баяндап айта аламын.
 Абстрактілі және нақты тақырыптағы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне аламын, қиындығы орташа бейімделмеген мәтіндерді сөздікпен оқи алады. Студенттер сол тілде сөйлейтіндермен үнемі қиындықсыз сөйлесу үшін аяқ астынан және біршама жылдам сөйлейді. Әр түрлі тақырыпқа нақты, толық хабарламар жасай алады және негізгі мәселеге өз көзқарасын білдіре алады, әр түрлі пікірлердің кемшіліктері мен ерекшеліктерін көрсете алады.
Еркін меңгеруЕркін меңгеру
 C1 C2
 Әр түрлі тақырыптағы көлемді қиын мәтіндерді түсінемін, жасырын мағынасын анықтай аламын. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда қиналмай жылдам сөйлей аламын Ғылыми және кәсіби қызмет жасау үшін тілді тиімді қолданамын. Қиын тақырыптарға нақты, жақсы құрылған хабарламаларды мәтіндерді ұйымдастыру үлгісін меңгергендігімді көрсете алатындай жасай аламын.
 Кез келген ауызша және жазбаша хабарламаларды түсіне аламын, бірнеше ауызша және жазбаша негіздерге сүйене отырып, байланысты мәтін құрай аламын. Жоғары темпте, жоғары дәрежелі дәлдікте тіпті қиын жағдайларда да сөйлей аламын.


Қарқынды оқыту

Қарқынды оқыту уақыты шектеулі және белгілі деңгейге қол жеткізуге нақты уақытты белгілеген студенттер үшін лайықталған.Бұл сізге қысқа мерзімде түрік тілінде сөйлеу дағдыңызды жақсартуға мүмкіндік береді. Арнайы дайындалған әдістер арқасында 1,5-2 ай қарқынды сабақтармен оқытудың бір деңгейін өтуге болады. Мұндай кесте студенттен үлкен өзіндік құлшынысты және нәтижеге жетуге деген жоғары талпынысты талап етеді.

Жеке оқыту

Мұғалім мен студенттің жеке оқуы, студенттің талабына сәйкестендірілген бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік береді. Сабақ сізге қолайлы уақытта жұмыс күнінде немесе демалыс күндері өтеді. Сөйлесу жеке тұлғаның өмір сүру түрі іспетті шет тілін меңгеру үрдісінде коммуникативтік сала аясында адамдардың коммуникатвитік қажеттіліктеріне сәйкес ұйымдастырылуы керек . Адамның негізгі тұрмыстық және қызмет саласына сәйкес салалар : кәсіатік-өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени және қоғамдық-саяси болып бөлінеді . Мұғаліммен ақылдаса отырып, сіз өзіңіз көңіл бөлгіңіз келген тіл аспектісін таңдап алуыңызға болады . Өз бағдарламаңызға жеке оқытуды қоса отырып, сіз тілді меңгеру деңгейіңізді жылдамдатасыз. Егер сіз келешекте туризм немесе басқа да салада , арнайы мақсаттар үшін тілді талап ететін жұмыс істеуді жоспарласаңыз, онда біз сізге жеке оқытуды таңдауға кеңес береміз. Коммуникативтік әдістің арқасында сіз өз ойларыңызды мақсатты түрде және дұрыс қолдана білесіз.

Оқу үрдісінің мониторингі

Оқытудың барлық кезеңінде сынақ арқылы білімдеріне бақылау жүргізіліп отырады. Әр тыңдарман курсты бітіргеннен кейін оқу үлгерімі туралы есеп алады, онда курстан өту барысындағы көрсеткіштері көрсетіледі, сонымен қатар оқытқан мұғалімнің кепілдемесі беріледі.

Сертификаттар

Әр деңгейді аяқтағаннан кейін және сынақты жақсы тапсырғаннан соң, сіз курсты аяқтағандығы туралы сертификат аласыз.

Оқулықтар

Тілдер орталығында еуропалық тілдерді оқыту бірыңғай шетелдік оқулықтар бойынша жүргізіледі.Біздің курстарымызда біз Туркияда шығарылған “Yeni Hitit”, “Adım Adım Türkçe”, “Gökkuşağı Türkçe” және “Türkçe öğreniyoruz” бағдарламаларын қолданамыз. Бұл түрік тілінің жалпы курсы көптеген әр түрлі тақырыптарды, мысалға үй, отбасы, мамандық, саяхат, бөтен қаладағы бағдар, кино, театр, дәрігерге көріну, адамдар психологиясы және т.б. қамтиды. Бір деңгейден екінші деңгейге дәйекті түрде өте отырып, сіз сөздік қорыңызды толықтырасыз, ауызша сөйлеу дағдыларыңызды , жазу және оқуды дамытасыз.

Оқытушылар

Түрік тілін оқытушылардың арнайы жоғары білімдері бар, ал көбінде ғылыми дәреже, Қазақстанның және шетелдің жоғары оқу орындарында, тілдерді оқыту орталықтарында тәжірбиелері бар.