I-Speak тіл орталығы

Кәсіпқойларды таңдай отырып, Сіз де кәсіпқой боласыз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз мүмкіндіктер жасай отырып, сіздермен бірге жетілеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз сіздердің жекелеген және кәсіби мақсаттарыңызды іскеасыруға көмектесеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз оқытуды қызықты әрі нәтижелі болатындай етіп өткіземіз

image01
Қазақ тілі
Заманауи Қазақстанда мемлекеттік тілдің маңызы артып келеді. Мемлекет қазақ тілін күнделікті өмірдің барлық салаларына кезең-кезең бойынша әр түрлі мекемелерден бастап, күнделікті қарым-қатынас деңгейіне дейін енгізуде. Әрбір азамат үш тілді: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық тіл және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде білуі қажет. Біздің тіл орталығы осы мақсатқа жетуде көмек көрсетуге дайын.
Біздің мұғалімдер шет тілдерін коммуникативтік әдіспен оқыту жолының ерекшелігін қолдана отырып және қазақ тілінің материалдарын толық меңгеріп, қазақ тілін оқытудың тиімді әдісін жасады. Осының арқасында нақты талпыныс көрсете отырып, сіз қазақ тілін өзіңізге қажетті салада, яғни іс қағаздар жүргізу немесе тұрмыстық қатынас саласында қолдана аласыз.

Біздің барлық мұғалімдердің арнайы жоғары білімдері , ал көбісінің ғылыми дәрежесі бар, сонымен қатар олардың тіл орталықтарында және Қазақстанның жоғары оқу орындарында жұмыс істеген тәжірбиелері бар. Біздің мұғалімдердің қазақ тілін оқытуы нәтижесінде біздің студенттер «Болашақ» бағдарламасы бойынша емтихандарды жақсы тапсырып, орыс тілді студенттер қазақ тілінде өлеңдер оқып, қазақ тіліндегі театрлық көріністерге қатысатынын мақтанышпен айта аламыз.

«I speak» тіл орталығында қазақ тілін топпен , жұппен немесе жеке , стандартты немесе қарқынды түрде оқып үйренуге болады. Әр топ кем дегенде 6 адамнан тұрады.


• Стандартты оқыту жетісіне 3 рет өткізіледі. Әр сабақтың ұзақтығы- 1 астрономиялық сағат. Бастапқы (Начинающий) деңгейден басқа деңгейлерге сынақ тапсыру арқылы қабылданады. Сынақты кез келген жұмыс күнінде тапсыруға болады.

• Қарқында оқыту уақыты шектеулі және нақты деңгейді меңгеруге уақытын арнайы бөлген студенттер үшін жасалған. Қазақ тілін бұлай оқып үйрену, қазақша сөйлейтін ортаға бейімдейтіні анық. Бұл өзіңнің қысқа мерзімде қазақ тілінде сөйлеуіңді біршама жақсартады.

• Жеке оқыту. Жеке оқыту мұғалім мен студенттің студент талабы бойынша оқыту бағдарламасында жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Сіз мұғаліммен ақылдаса отырып, өзіңіз аса көңіл бөлгіңіз келген тіл аспектісін таңдауыңызға болады.

Оқу үрдісінің мониторингі
Оқытудың барлық кезеңінде сынақ арқылы білімдеріне бақылау жүргізіліп отырады. Әр тыңдарман курсты бітіргеннен кейін оқу үлгерімі туралы есеп алады, онда курстан өту барысындағы көрсеткіштері көрсетіледі, сонымен қатар оқытқан мұғалімнің кепілдемесі беріледі.

Сертификаттар
Әр деңгейді аяқтағаннан кейін және сынақты жақсы тапсырғаннан соң, сіз курсты аяқтағандығы туралы сертификат аласыз. I-Speak тіл орталығы сізге қазақ тілі курсының кез келген деңгейін ( бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін), әр түрлі оқу мерзімінде ( 4 аптадан 54 аптаға дейін) оқуды ұсынады.

Осындай үлкен таңдау мүмкіндігі бар және оқуды жылдың барлық кезеңінде бастауға болатындықтан, біз өзіміздің курстарымызды әр адамның мақсаттары мен жеке ықыласын қанағаттандыруға бейімдей аламыз.

Біздің курстар жоғары оралымдылығымен ерекшеленеді және біз сізге қазақ тілін тиімді, нәтижелі және жаңаша оқып үйренудің жеке курсын арманыңыздағыдай етіп таңдап бере аламыз!

Бастау үшін , келесі нұсқалардың біреуін таңдаңыз