I-Speak тіл орталығы

Кәсіпқойларды таңдай отырып, Сіз де кәсіпқой боласыз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз мүмкіндіктер жасай отырып, сіздермен бірге жетілеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз сіздердің жекелеген және кәсіби мақсаттарыңызды іскеасыруға көмектесеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз оқытуды қызықты әрі нәтижелі болатындай етіп өткіземіз

image01
Француз тілінің жалпы курсы

«I speak» тіл орталығында француз тілін топпен, жұппен, стандартты және қарқынды оқып үйренуге болады. Топ кем дегенде 6 адамнан құралады, Стандарттты оқыту аптасына 3 рет жүргізіледі. Әр сабақтың ұзақтығы- 1 астрономиялық сағат.


Оқу үрдісінің мониторингі

Оқытудың барлық кезеңінде сынақ арқылы білімдеріне бақылау жүргізіліп отырады. Әр тыңдарман курсты бітіргеннен кейін оқу үлгерімі туралы есеп алады, онда курстан өту барысындағы көрсеткіштері көрсетіледі, сонымен қатар оқытқан мұғалімнің кепілдемесі беріледі.

Оқытушылар

Біздің барлық мұғалімдер арнайы жоғары білімді , ал көбісінің ғылыми санаты бар, сонымен қатар олардың тіл орталықтарында және Қазақстанның жоғары оқу орындарында , халықаралық компанияларда жұмыс істеген тәжірбиелері бар. Тіл және тілді оқыту- бұл өзгеріп отыратын құрылым болғандықтан, біздің мұғалімдер үнемі өз білім- білік дағдыларын халықаралық сертификаттар алу және жергілікті жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыратын курстардан өту арқылы, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас пен тәжірбие алмаса отырып жетілдіреді.

Сертификаттар

Әр деңгейді аяқтағаннан кейін және сынақты жақсы тапсырғаннан соң, сіз курсты аяқтағандығы туралы сертификат аласыз. Жалпы курс алты деңгейден тұрады.





































 Деңгей  Сағаттар Курсты аяқтағаннан кейінгі қалыптасқан білімі мен дағдылары
Бастапқы
Débutant
 72Курс қарапайым тілдік жағдайларды меңгерумен басталады: сәлемдесу, танысу. Одан әрі мамандық, ұлттар, күндер, ақша, ауа-райы тақырыптары оқытылады.Тыңдаушылар адамның сыртқы келбетін сипаттауды,өзі туралы әңгімелеуді үйренеді. Сөздерді дұрыс айту үйретіледі. Грамматикалық курс өте ауқымды: етістіктің үш шағы түсіндіріледі.
Бастауыш орта
Pré-Intermédiaire
 72Бұл деңгейде келер шақ пен өткен шақ, етістіктерді тереңдетіп оқып үйренуге көңіл бөлінеді. Сөйлеу тілі мынадай тақырыптарға бөлінеді: сезім, киім және сән, адамның тұрмысы және т.б.
Орташа деңгей
Intermédiaire
 72Тақырыптық бөлімдер: спорт, сәулет, көркем өнер, театр, кино, ескерткіштер, ақша. Грамматикалық құрылымда өзгелік етіс , бұйрық рай, сөйлеу ұзақтығы және уақыттардың келісімділігі.
Ортадан жоғары Intermédiaire-Supérieu) 72Тақырыптық бөлімдер: салықтар, әндер, сәулет, экология, құқық және жауапкершілік, білім мен ғылым. Грамматикада үстеулерге, есімдіктерге, күрделі сөйлемдерге аса назар аударылады.
Бастапқы ілгері
Pré-Avancé и Avancé
 72 Бұл деңгейлер бар грамматикалық дағдыларды бекітеді және сөздік қорды толықтырады. Көп уақыт ауызша сөйлеу тәжірбиесіне, Франция мәдениетін, әлеуметтік саяси өмірін оқып тануға арналады.
Ілгерілеген Avancé-Supérieur и Supérieur  96Деңгейлер жоғары тілдік дайындықпен ерекшеленеді, жылдам сөйлеу тілінің дағдылары машықтандырылады. Сабақтарда аутентикалық материалдармен ( теледидарлық бағдарламалар, көркем әдебиет) жұмысқа үлкен мән беріледі. Деңгейлер француз тілінің барлық негізгі лексикалық-грамматикалық құрылымдарын меңгеруді болжайды. .

Оқу құралдары

«Попова, Казакова, Ковальчук. Француз тілі . Оқулық» (M., 2004), сонымен қатар мұғаліммен дайындалатын әр түрлі қосымша материалдар.