I-Speak тіл орталығы

Кәсіпқойларды таңдай отырып, Сіз де кәсіпқой боласыз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз мүмкіндіктер жасай отырып, сіздермен бірге жетілеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз сіздердің жекелеген және кәсіби мақсаттарыңызды іскеасыруға көмектесеміз!

image01

I-Speak тіл орталығы

Біз оқытуды қызықты әрі нәтижелі болатындай етіп өткіземіз

image01
Қытай тілі

Қытай тілі қытай-тибет тілдер тобына жатады және ҚХР-ның, Тайвань, Сингапурдың ресми тілі болып табылады. Ол тілде шамамен 1,2 млрд. адам сөйлейді, яғни миллиард адам үшін қытай тілі өз ана тіліндей қызмет етеді. Қытай тілін оқу- бұл біршама ұзақ және қиын процесс. Алайда оны оқып үйренуде кәсіпқойлардың қызметіне сүйенетін болсақ, аз уақыт пен күш жұмсаймыз. Қытай тілінің каллиграфиясын оқып-үйренудің өзі де өте қызық.


«I speak» тіл орталығында қытай тілін топпен немесе жеке, қарқынды және стандартты түрде оқып үйренуге болады. Топ кем дегенде 6 адамнан тұрады. Стандартты оқыту аптасына 3 рет жүргізіледі. Әр сабақтың ұзақтығы 1 астрономиялық сағат.

Қытай тілін меңгергендігін растайтын негізгі сертификат- HSK, сіздің қытай тілін меңгеру деңгейіңізді растайтын сертификатты алу үшін ҚХР-да мемлекеттік емтихан болады. HSK сол тілде сөйлемейтін адамдарға , яғни шетелдіктер, хуацяо үшін жүргізіледі. Бұл емтихан 1992 жылы пайда болды. Дәл қазіргі таңда әлемде 160 қабылдау емтиханы жұмыс істеуде. Әрине, ең көп емтихан тапсыру орны Қытайда, ол жерде 35 мектеп әр қалада жұмыс істеуде. HSK емтиханы төрт кезеңнен тұрады: аудиоландыру, лексика, грамматика және оқу. Емтиханның өту форматы: сынақ.

Қытай тілінің жалпы курсы

Қытай тілінің жалпы курсы 6 деңгейден тұрады:





































 ДеңгейсағаттарДеңгейді аяқтағаннан кейінгі қалыптасатын білімі мен дағдылары
1 деңгей 96
(4 бел.. ай.)
Қытай тілінің бірінші деңгейдегі курсы тыңдаушыларға фонетика, грамматика, иероглиф және тұрмыстық және жалпы тақырып бойынша қарапайым лексика бойынша базалық білімді алуға мүмкіндік береді. Осы кезең ішінде студенттер 500-ге иероглифтік белгілермен және 800-ден астам лексикалық бірліктермен танысады.
Бірінші деңдейді бітіргеннен кейін тыңдаушылар нақты міндеттерді орындау үшін қажетті құлаққа таныс сөйлемдерді қабылдап, сөйлеуде қолдана алады: Таныстыра алады, басқаларды таныстыра алады, мекенжай, таныстар, мүлік туралы, сұрақтар қоя біледі және жауап бере алады. Егер әңгімелесуші баяу және анық сөйлейтін болса, сонымен қоса көмектесуге дайын болса, қиын емес әңгімелерге қатыса алады.
2 деңгей 288
(12 бел.. ай.)
Екінші деңгей сабағында тыңдаушылар қытай тілінің грамматикасын тереңдетіп оқуды жалғастырады, сонымен қоса өздерінің сөздік қорын белсенді түрде молайтады, курстың соңына қарай 1100 лексикалық бірлікті құрайды.
Екінші деңгейді аяқтағаннан кейін тыңдаушылар жекелеген сөйлемдерді, өмірдің негізгі саласында көп кездесетін сөздерді түсіне бастайды. Тыңдаушылар қарапайым тілде өздері, туыстар мен жақындары туралы әңгімелей алады, сонымен қатар өздігінен саяхат жасауға жеткілікті лексиканы меңгереді.
3 деңгей 288
(12 бел.. ай.)
Үшінші деңгей сабағында қытай тілінің грамматикасын, лексикасын, иероглифтік жүйенің жазылуын оқып үйрену жалғасады.
Сонымен қатар ауызша сөйлесу фразеологизмдер мен эпитетттермен толығады, ол оны айшықай түсіп сол тілде сөйлейтіндердің ауызша үлгісіне жақындата түседі.
Үшінші деңгейді аяқтағаннан кейін, тыңдаушылар әдеби тілде жасалған көбінесе жұмыста, оқуда, демалыста кездесетін әр түрлі тақырыптағы нақты хабарламалардың негізгі ойын түсінетін болады. Оқып жатқан тілдің елінде болған кезде көптеген жағдайда қарым-қатынас жасай алады.Қызықтыратын және белгілі тақырыпта хабарлама жасай алады. Әсерін, жағдайды, ұмтылысын, суреттеп айта алады, өз пікірін және келешекке деген жоспарын баяндап айта алады.
4 деңгей 288
(12 бел.. ай.)
Төртінші деңгей сабақтарында қытай тілінің негізгі грамматикалық құрылымын оқып-үйренуді қорытындылайды. Сонымен қатар лексикалық базасын қарқынды толықтыру және иероглифтік хаттар дағдыларын жетілдіру жалғасады. Оқытудың төртінші кезеңінің соңына қарай студенттердің сөздік қоры 1500 лексикалық бірлікті және 1100 иероглифтік белгілерді құрайды. Төртінші деңгейді бітірегеннен кейін тыңдаушылар бейімделмеген қиындығы орта дәрежелі мәтіндерді оқи алады.
Төртінші деңгейді аяқтағанда студенттер абстрактілі және нақты тақырыптағы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алады, қиындығы орташа бейімделмеген мәтіндерді сөздікпен оқи алады. Студенттер сол тілде сөйлейтіндермен үнемі қиындықсыз сөйлесу үшін аяқ астынан және біршама жылдам сөйлейді. Әр түрлі тақырыпқа нақты, толық хабарламар жасай алады және негізгі мәселеге өз көзқарасын білдіре алады, әр түрлі пікірлердің кемшіліктері мен ерекшеліктерін көрсете алады.
5 деңгей 288
(12 бел.. ай.)
Бесінші деңгейден бастап тілді тереңдетіп оқу басталады. Бұл деңгейде қытай тілінің курсы өтілген фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, иероглифтік материалдарды ауызша және жазбаша түрде белсенді қолдануды қарастырады.
Бесінші деңгейді аяқтағанн кейін тыңдаушылар әр түрлі тақырыптағы көлемді қиын мәтіндерді түсіне біледі, жасырынып тұрған мағынасын аша біледі.
Студенттер сөздерді қолдануда қиындықты сезінбей, тез сөйлей біледі. Ғылыми және кәсіби қызметте қарым-қатынас жасау үшін тілді тиімді және қолайлы қолдана біледі. Қиын тақырыптарға жақсы, нақты құрылған хабарламалар жасай алады.
6 деңгей 288
(12 бел.. ай.)
Қытай тілін оқудың алтыншы деңгейінде тыңдаушылар грамматика, лексика, иероглиф бойынша алдында алған білімдерін жинақтап көбейтеді.Түпнұсқасында ( қытай иероглифті субтитрлармен) жалпы және қолдану аясы тар арнайы тақырыпта кинофильмдер көру сөздік қорларының одан әрі толығуына көмектеседі. Осы және алдыңғы деңгейлерде оқу кезеңінде студенттер 1500 жаңа лексикалық бірліктерді және 650 иероглифтік белгілерді оқып үйренеді.
Алтыншы деңгейді бітіргенде тыңдаушылар кез келген ауызша және жазбаша хабарламаларды түсіне алады, бірнеше ауызша және жазбаша негізге сүйене отырып байланыстырушы мәтіндерді құрай алады. Студенттер тіпті қиын жағдайларда жоғары темппен және жоғары дәрежедегі дәлдікпен мағыналарды нақтылай сөйлейді.

Оқу үрдісінің мониторингі

Оқытудың барлық кезеңінде сынақ арқылы білімдеріне бақылау жүргізіліп отырады. Әр тыңдарман курсты бітіргеннен кейін оқу үлгерімі туралы есеп алады, онда курстан өту барысындағы көрсеткіштері көрсетіледі, сонымен қатар оқытқан мұғалімнің кепілдемесі беріледі.

Сертификаттар

Әр деңгейді аяқтағаннан кейін және сынақты жақсы тапсырғаннан соң, сіз курсты аяқтағандығы туралы сертификат аласыз. Жалпы курс алты

Оқу құралы

«Қытай тілінің негізі» (4 том) (1991), Тань Аошуань «Заманауи қытайлық сөйлесу тілінің оқулығы».